Жаңалықтар

Павлодарға Токио мен Сеулден 156 қазақстандық жеткізілді

Павлодарға Токио мен Сеулден 156 қазақстандық жеткізілді

Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, ұшақтағы барлық жолаушы Қазақстан азаматы.
 width=
Санитарлық ведомствоның ақпараты бойынша, Токиодан ұшып шыққан азаматтар термометриядан өтіп, келген соң оларды обаға қарсы арнайы костюмдер киген эпидемиологтар, медицина қызметкерлері мен барлық қажетті қызметтердің қызметкерлері қарсы алды. Шетелден келгендер іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес сауалнама мен термометриядан өтіп, оларға қорғау маскалары берілді. Багаж бен әуе кемесіне міндетті дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Барлығынан COVID-19-ға талдау алынды, нәтиже алғанға дейін жолаушылар Павлодарда карантиндік госпиталде болады. 156 адамды тасымалдау үшін жеті автобус ұйымдастырылды. "Коронавирус белгілері анықталған жағдайда пациенттерді инфекциялық госпитальға ауыстырады", - делінген санитарлық ведомствоның баспасөз хабарламасында. Соңғы мәліметтер бойынша, Павлодар облысында коронавирустың 155 жағдайы тіркелді.