Жаңалықтар

Чехияның денсаулық сақтау министрлігі вакцинация алмаған  адамдар үшін локдаунды жеңілдетуге дайындалып жатыр

Newsroom.kz порталы - Чехияның Денсаулық сақтау министрлігі Австрия елі секілді коронавирустан вакцинация алмаған  тұрғындар үшін локдаун талаптарын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы сенбіде үкімет басшысы Властимил Валек мәлімдеді деп хабарлайды vinegret.cz сайтына сілтеме жасап Оның айтуынша, 2 ақпан күнінен бастап вакцинация алмаған  тұрғындарға мейрамханаларға баруға рұқсат беруіміз керек деп ұсыныс айтты. Дегенмен жаңа өзгеріс қай күннен бастап күшіне енеді және министр қандай шарттар бойынша екенін әлі нақтылаған жоқ. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ондржей Якоб вакцинация алғандарға омикрон штаммының эпидемиялық толқыны төмендегеннен кейін  мейрамханалар "жақын арада" ашылады деді. Ол ақпан айының ортасына келеді деп күтілуде. Бұған дейін Валек егер жағдайдың кенеттен нашарлауы болмаса, онда республика тұрғындары 2022 жылдың сәуірінен бастап негізгі карантиндік шараларсыз қалыпты өмірге орала алады деп мәлімдеді. Сенбіде Австрия билігі 19 ақпаннан бастап вакцинация алмаған тұрғындар теріс антигендер (24 сағаттан аспайтын) және PCR тестілері (72 сағаттан аспайтын) негізінде мейрамханалар мен қонақ үйлерге бара алады деп мәлімдеген еді.