Маңғыстау әкімі Түркияның Ақтау қаласындағы бас консулын қабылдады

18 Қазан, 2019 44 0

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа бас консулы Музаффер Акйылдырым мырзаны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында тараптар екі елдің ынтымақтастық қарым-қатынасын талқылады. Маңғыстау облысы мен Түркия елі арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 211 009,09 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 есе артық. 

Аймақтың Түркия Республикасына шығаратын экспорты 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 205 142,99 мың АҚШ долларын құрады. Экспортқа негізінен шикі мұнай және мұнай өнімдері, пияз, сарымсақ, қара металдың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металл құймалары шығарылады 

Ал, өлкемізге Түркия елінен келетін импорт 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 5 866,10 мың АҚШ долларын құрады. Импорт құрылымы: қызанақ, бұршақ дақылдары, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер (ақ шоколадты қоса алғанда), бояулар мен лактар, дайын желімдер және өзге де дайын адгезивтер, отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері және басқалар. 

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында түрік капиталының қатысуымен 74 кәсіпорын тіркелген. 

Сонымен қатар, 2019 жылдың мамыр айында түрік инвестициясының қатысуымен «Satex Chemie» ЖШС (Түркия, Германия) битум эмульсиясы негізінде гидрооқшаулағыш материалдар өндірісін іске қосты. Құны 194 млн теңге болатын өндірісте қазіргі таңда 1000 тонна өнім өндірілді. Оның 500 тоннасы жүзеге асырылды. 

Өнімнің 35 пайызы Әзербайжан, Ресей, Германия сияқты елдерге экспортталды. 65 пайызы Қазақстанда іске асырылды, компания алдағы уақытта Италия, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.



Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.