Түркістан: съезге делегаттар анықталды
Түркістан: съезге делегаттар анықталды
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесінің
кезектен тыс мәжілісі онлайн форматта өтті.
Мәжілісті «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып, жүргізіп отырды.
— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде қалыптасқан қиын жағдайдан шығу бойынша нақты тапсырмалар беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды ұсынды. Ендігі кезекте біз барлық күш-жігерімізді осы реформалардың сәтті жүзеге асуына, конституциямыздың мызғымастығын сақтауға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге жұмсауымыз қажет», — деді Өмірзақ Шөкеев.Күн тәртібінде 28 қаңтарда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне Түркістан облысынан делегаттар сайлау мәселесі қаралды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев елорда төрінде өтетін съезге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады. Маңызды жиынға қатысатын делегация құрамына Түркістан өңірінен 28 делегат енгізілді. Олар съезге онлайн түрде қатысады. Саяси кеңес сонында арнайы қаулы қабылданып, күн тәртібіндегі мәселе шешімін тапты.