Гаджеттерді
ң денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі.
Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады.
1) Көшеде сөйлесу керек.
2) Телефон тұтқасын құлақтан кем дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.
3) Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;
4) Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстағане жөн;
5) Телефонды тігінен ұстау керек;
6) МГц диапозонын ауыстырыңыз;
7) Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;
8) SAR-ы (Specific Absorption Rate) төмен телефон таңдаңыз;
Сондай-ақ, телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Ал, желі «ұстамаса» қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Мұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.