Елімізде құлықсыз жастар саны артуда
Елімізде құлықсыз жастар саны артуда
Оқымайтын, жұмыс істемейтін, қайта даярлаудан өтпейтін, ештеңеге құлықсыз жастардың саны артуды. Тіпті осы санатқа жататын жастарға да арнайы атау пайда болған екен. Нақтырақ айтқанда «NEET жастары» термині
«NEET жастары» деген терминге біздегі ақпарат құралдарында «оқымайтын, жұмыс істемейтін, қайта даярлаудан өтпейтін, ештеңеге құлықсыз жастар» деген түсінік беріліп жүр. Кең қолданыста осылай. Енді алдымен осы терминнің өзіне тоқталайықшы. «NEET жастары» деген түсінікке біз беріп жүрген сипаттама дұрыс па?
NEET-тің түрлері
- Антисоциал: жұмыс істемегенде ғана өзін жайлы сезінетіндер
- Хикимори: өзге адамдармен араласа алмайтындар
- Пассив: өзіне деген сенімі мен мотивация жоғынан жұмыс таба алмай жүргендер
- Көңлі қалған: бұрынғы жұмысынан жағымсыз әсер алған, ендігіде еңбек етпеймін деп бел буғандар
Әлемдік еңбек ұйымының дерегі бойынша, NEET санатындағы жастар саны ең аз елдер:
- Жапония 3,0%,
- Нидерланды 3,1%,
- Сингапур 4,5%,
- Германия 5,4%,
- Швейцария 6,0%.
- Посткеңестік елдер арасында NEET үлесі Арменияда (36,5%)
- Молдовада (27,9%)