Ақпарат министрі А.Умаров Бас мүфтимен кездесті
Ақпарат министрі А.Умаров Бас мүфтимен кездесті
Министр А.Умаров Бас мүфтимен дін істері мәселелерін талқылады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Бұл туралы @aqparatqogam телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz жазады.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында тараптар қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша сындарлы пікір алмасты. Сондай-ақ, ақпарат таратудың түрлі арналарын, атап айтқанда БАҚ, әлеуметтік желі, мессенджерлер, кітаптар және т.б. құралдарды пайдалана отырып, Мүфтияттың ағарту жұмысының сапасын жаһандық трендтерге сәйкес жаңа деңгейге көтеру туралы да сөз болды.
Министр қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде мұсылман қауымға үндеу жасап, жұртты бірлікке, бейбітшілікті сақтауға шақырған азаматтық ұстанымы үшін Бас мүфтиге зор алғыс білдірді. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ете отырып, ұдайы халқымызды рухани құндылықтар төңірегіне топтасуға үндеп келеді», - деп атап өтті А.Умаров.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.