Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қаңтар, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

COVID-19: пандемия ТВИНДЕМИЯҒА ұласуы мүмкін

COVID-19: пандемия ТВИНДЕМИЯҒА ұласуы мүмкін

COVID-19: пандемия ТВИНДЕМИЯҒА ұласуы мүмкін
ашық дереккөзі
Коронавирустың «омикрон» штамы таралу жағынан «дельтаны» да басып озды. Ол аздай, тұмаумен қоса жұғып, жағдайды тіпті ушықтырып бара жатыр деп жазады zamana.kz. SARS-COV-2 вирусы пандемияның жаңа сипаттамаларын тудырып отыр. Еуроодақ елдерінде ЖРВИ-мен және тұмаумен қатар сырқаттану қарқыны артып барады. Мәселен, Ресейде бір тәулікте коронавирустан 688 адам қайтыс болды. Сарапшылар бір маусымда тұмау мен COVID-19 жұқтырған пациенттердің бірден көбеюі ұзақ твиндемияның басталғанын білдіреді деп қауіп қылады. Ал твиндемия дегеніміз  инфекцияның ұзақ ағымы, яғни әдеттегіден ұзақ уақытқа созылуын білдіреді «Тұмау вирусының оралуы аурудың ұзақ таралу маусымының бастауы болуы мүмкін, ол әдетте жазға дейін созылады», –  дейді «Pasi Pentinen Еуропалық» аурулардың алдын-алу және – бақылау орталығының сарапшысы. Мамандар твиндемия Еуроодақ елдерінің коронавирусқа қарсы күреспен айналысатын денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсіретінін атап өтті. Мысалы, твиндеминың алғашқы соққысын бастан өткеріп жатқан Ресейде коронавирусты жұқтыру қарқыны сәт сайын артып келеді. Өткен тәулікте онда COVID-19 вирусын жұқтырудың 31.252 жағдайы тіркелген. Біздің елде де ахуал мәз емес: коронавирустық инфекцияның ПТР тест арқылы анықталған көрсеткіші күрт көбейіп кетті. Әр күні 10 мыңнан астам адамда ауру анықталып жатыр. Әсіресе тамақ пен  буындардың жан шыдатпас сырқырап ауыруына шағымданатындар көп. Әлсіздік пен дене қызуы да жиі кездеседі. Денсаулық сақтау министрі егер жағдай ушыға түссе, қатаң шектеу шараларын қабылдауға мәжбүр болатынын ескертті. Е. ЕРКЕЖАН.