Судан елінде тағы да көтеріліс орын алды
Судан елінде тағы да көтеріліс орын алды
Newsroom.kz порталы – Судан мемлекетінің қауіпсіздік күштері дүйсенбіде жеті адамды өлтіріп, кемінде 100-ге жуық адам жарақаттанды. Бұл Суданның демократияға көшуінің қайта жандануын қолдауға ұмтылған жоғары лауазымды американдық дипломаттардың сапары қарсаңында елді дүр сілкіндірген соңғы қанды наразылық деп хабарлайды nytimes парақшасына сілтеме жасап
Судан орталық комитетінің демократияны жақтаушы топтың хабарлауынша, қаза тапқандар 19 бен 40 жас аралығында. Бейбіт шеру кезінде олардың жамбас немесе кеуде тұсынан оқ тиген.
Солтүстік-шығыс Африка елі 25 қазандағы әскери төңкерістен кейін кең ауқымды наразылықтармен бетпе-бет келді. Дәрігерлердің Facebook желісіндегі мәлімдемесіне сүйенсек, төңкерістен кейін бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандардың саны 71-ге жеткенін айтты.
Сондай-ақ дәрігерлер тобының айтуынша, наразылық білдірушілер, әсіресе Хартумдағы президент сарайына қарай шеруге шыққандар дейді. Оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, суық қару пайдаланған. Осының салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті деді.