Бетін орамалмен сүрткен әйел көзінен айырылып қалған

18 Қазан, 2019 271 0

Клэр екі баласы мен жолдасын ертіп Түркия елінде Британдық Клэр Уиллис есімді 45 жастағы әйелдің басынан өткен оқиға бұл. Демалыс барысында душтан шығып жатып, бетін сүрткен әйел адам бір-түрлі дауыс естіп, артынша адам шыдамас ауыртпалықты сезінген. 

"Мен көзім шарасынан шығып кетті деп ойладым", - дейді Клэр.  

Ақыр соңында жергілікті дәрігерлер Клэрдің көз қабыршағы жарылып кеткенін айтып, дереу отанына қайтуға кеңес берген. Алайда олар Лонданға жеткенше әйелдің көзіне вирус түсіп, жарақат асқынып кеткен екен. Ал, британдық дәрігерлер 1 апта бойы алысса да Клэрдің көзін құтқара алмаған екен. Қазір әйел адам жалғыз көзбен өмір сүруді үйреніп жүр...

Дереккөз: ktk.kz


Тегтер: Түркия, демалыс, душ, көз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.