Маңғыстау: Әкім әдеп ережелерін бұзбаған

18 Қазан, 2019 98 0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің тарапынан Әдеп кодексі талабының сақталуына әрдайым мониторинг жүргізіп отырады.

Мониторинг жүргізу барысында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде(Асылбеков Русланның парақшасы)және «Lada.kz» сайтында 18.09.2019 жылы түнгі уақытта Ақтау қаласында орналасқан «Tofu» кафесі маңында Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік нөмері R106RK12 маркалы қызметтік автокөліктің жүргені және сол жерде Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибагаровтың болғаны көрініс тапқан.

Осыған орай, 20.09.2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің атына  ұсыныс хат жолданып, орын алған кемшілікті алдағы уақытта болдырмауды, сондай-ақ осы оқиға бойынша мән-жайларды анықтау мақсатында қызметтік тергеп-тексеру жүргізіп, тиісті тұлғалардың жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты аталған ұсыныс хатты қарап, келесі мән-жайларды хабарлады.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасының есебіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі R106 RK12, «Toyota Land Cruiser» маркалы қызметтік автокөлігі 17.09.2019 жылы сенімхатбойынша «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің өкілі С.Касыкбаевқа алу-беру актісі негізінде тапсырылған.

Жаңаөзен қаласы әкімінің 17.09.2019 жылғы №87іс өкіміне сәйкес, қала әкімі М.Ибагаров а.ж. қыркүйек айының 17 мен 18 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында іссапарда болған.

Осы дерекке қатысты қала әкімі М. Ибагаров өз түсініктемесінде, 18.09.2019 жылы іс-сапардан келген кезінде, әуежайдан аталған қызметтік көлігі күтіп алғанын, Жаңаөзен қаласына дейін жол ұзақ болғандықтан тамақ ішуге Ақтау қаласында шағын кафеге кіргенін, содан соң жол патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта жүруге болмайтындығын түсіндіріп, көлікті айып тұрағына алып кеткенін атап өткен.

Бұл орайда, қызметтік автокөлік Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының балансына өткендіктен сол мекеме жүргізушісінің атына жол парағы берілуі тиіс болатын. Алайда автокөлікті тиісті жол құжаттары мемлекеттік мекеменің атынан рәсімделмеген күйі әуежайға шығып кетіп, құжаттарының толық болмауы себебінен айыппұл тұрағына жабылған.

Осыған орай, Аппарат басшысының 27.09.2019 жылғы №266 бұйрығына сәйкес, автокөлік құжаттарын толық рәсімдемегені үшін, қызметші С.Касикбаевқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Қарау нәтижесінде, Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибагаровтың тарапынан Әдеп кодексі нормаларын бұзу дерегі анықталмаған деп қорытындыланды.  

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.