Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы әлі сақталуы мүмкін. Кейбір ел аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде. Синоптиктер кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады деп болжайды. Сонымен қатар бұршақ жауып, оңтүстік пен орталықта дауыл тұруы ықтимал деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжайды.
Түркістан, Қарағанды облыстарының да кей бөліктерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді, сонымен қатар, бұршақ жауады деп болжануда.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және екпіні 15-20, 23 м/с болатын жел күтіледі. Бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аумағында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді және бұршақ жаууы ықтимал.