Азаматтар egov және өзге де деректер базасындағы өз мәліметтерін түзете алады

Азаматтар egov және өзге де деректер базасындағы өз мәліметтерін түзете алады

ашық дереккөзі

Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібіне мемлекеттік органдардың дерекқорларын түзету жөнінде маңызды мәселе енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz. Азаматтық хал актілерін цифрлау кезінде мемлекеттік органның қызметкері жүйеге мұрағаттағы деректерді енгізу барысында абайсызда қате жазып жіберіп жатады. Адами фактор, мұндай да болып тұрады. - Әрине, кейінгі жылдары мемлекеттік органдар деректер базасындағы мәліметтерді түзету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Мысалы, Әділет министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, азаматтық хал актілерін 99% - ға өзекті етсе, Ішкі істер министрлігі ЖКЕ бұзу бойынша айыппұл салу деректерін 97% -ға, тұрғылықты жерге тіркеу бойынша 98% -ға жаңартты. Алайда, ескірген немесе дәйексіз ақпарат фактілері әлі де кездеседі және оны азаматтардың өздері ғана анықтай алады. Ал, бұл мәліметтерді түзету үшін оларға мемлекеттік органға хат жазуына немесе барып өтініш білдіруіне тура келеді. Әрине, бұл процесті автоматтандыруға болады және тәжірибе де бар, - деп жазды facebook-те ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Қазақстандықтар өздеріне қатысты қандай да бір дәйексіз фактіні (тіркелген неке туралы жазбаның болмауы, балаларға қатысты деректер) анықтаған жағдайда, ешқайда бармай-ақ түзетуге өтінім бере алады. Осының арқасында деректер қорына 36 575 түзету енгізді. - Бүгін біз осындай сервистерді eGov порталына және басқа да мемлекеттік органдарға енгізуді ұсындық. Автокөлік(сипаттамасы немесе иесі туралы деректер), жер, жылжымайтын мүлік бойынша қате деректер анықталған жағдайда азаматтар қандай да бір инстанцияға жүгінбей-ақ түзетуге сұраныс бере алады. Премьер-Министр бұл ұсынысымызды қолдады және жаңа сервистерді таяуда eGov порталында пайдалануға болады деп ойлаймын, - деді Асқар Жұмағалиев.

Жүктелуде...