Толассыз жаңбыр салдарынан Түркістан облысындағы үш ауылды су басуда

Толассыз жаңбыр салдарынан Түркістан облысындағы үш ауылды су басуда

ашық дереккөзі

Төтенше жағдай басқармасының мәліметінше, Төлеби ауданының жоғарғы Қасқасу өзенінің арнасынан асып, үш көпірді су шайып кеткен. Толассыз жауынның салдарынан 4 бас қара мал мен 4 қой суға кеткен. Адам шығыны жоқ, деп хабарлайды, NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Елдімекенде 108 тұрғын үйде 761 жан өмір сүреді. Екпенді ауылының 4 үйін су шайып, 15 үйдің ауласына су кірген.  width= Шымкент қаласының жақын маңында орналасқан Сұлтан Рабат ауылында жолдарында да су өзенге айналған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде куәгерлердің түсірген видеолары тарап жатыр. Бүгінгі таңда жағдай бақылауға алынған. Көпірлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Биылғы жылы көктем мезгілі Түркістан облысына ерекше қыр көрсетуде. Бұған дейін Мақтаарал ауданын су басса, күні кеше Төле мен Қазығұрт аудандарына қарасты елдімекендерді су басуда. Төтенше жағдай басқармасы адамдарға дүрбелең жасамай, нақты ақпаратқа сенуге шақырады. Төлеби аудандық әкімшілігінің шұғыл штабы тәулік бойы жұмыс жасауда.

Жүктелуде...