Астаналық театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мыңнан астам қойылым мен іс-шара өткізген
Астаналық театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мыңнан астам қойылым мен іс-шара өткізген
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан елорданың мәдениет мекемелері жыл бойы онлайн іс-шараларды белсенді өткізді.
Карантин жағдайында театрлар көрермендермен өзара байланыстың жаңа түрлерін ашты, онлайн-гастрольдер, инстаграм-спектакльдер ұйымдастырылды, онлайн-радио құрылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық мәдениет басқармасы 2021 жылы әлеуметтік желілерде ведомствоға қарасты мәдениет мекемелерінің интернет-ресурстарында әртүрлі іс-шаралар өткізілгенін, сондай-ақ «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көрсетілгенін атап өтті. Олар – қоғам қайраткерлерінің, ақындардың, жазушылардың, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін инстаграм-конкурстар, монологтар, ақпараттық жарияланымдар, бейнесюжеттер, мастер-кластар, тікелей эфирлер және тағы басқалар.2021 жылдың 15 қазанында «Жастар» театрының базасында Қазақстандағы алғашқы инклюзивті «Қанаттылар» театры ашылды. Шығармашылық топқа Арнұр Ысқақов жетекшілік етеді. Ерекше театрда 20-ға жуық әртіс жұмыс істейді, оның ішінде 8 адам нашар естиді, 5 адам арбамен жүреді, 3 нашар көреді және 2 БЦП. Сондай-ақ олармен сурдоаударма маманы жұмыс істейді. 2021 жылдың 28 қазанынан 3 қарашасына дейін Нұр-Сұлтанда «TеатрALL» халықаралық театр фестивалі өтті. Оған елорданың 12 театры, сондай-ақ Ресейдің 2 театры (С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры және Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры) қатысты. Ауқымды шара аясында көрермендер шығармашылық ұжымдардың 30-дан астам үздік қойылымын тамашалады. [caption id="attachment_63273" align="alignnone" width="1024"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
Айта кету керек, 2021 жылы елордалық театрлар 1000-нан астам спектакль мен өзге де іс-шаралар өткізді, оның аясында 150 мыңнан астам көрермен қамтылды. Сол сияқты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында 30 премьерлік қойылым ұсынылды.