Жаңалықтар

«Nur Otan» өзінің әлеуметтік бастамалары, белсенді қайырымдылық қолдауы нәтижесінде халықтың сенімін арттырды - Н.Шаталов

Ағымдағы жылғы 22 желтоқсанда «Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті жиыны өтті.

Жиынға қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының қызметі туралы талқылады. Пікірталасқа қатысқан саясаттанушы Никита Шаталов та «Nur Otan» партиясы қызметінің жанданғаны және оның пандемия кезіндегі нәтижелі жұмысы жөніндегі пікірімен бөлісті.

«Пандемия кезіндегі әлеуметтік бастамалардың, көрсетілген белсенді қайырымдылық қолдаудың нәтижесінде «Nur Otan» партиясы өзінің ықпалын одан әрі күшейтіп, халықтың партияға деген сенімін арттырды. Партияның қайта жандандырылуы жалпы сайлау процесіне айтарлықтай әсер етті. Менің ойымша тағы бір маңызды жайт, ол ауылдардағы әкімдердің кадрлық құрамының  айтарлықтай жаңаруы. Мұнда да партияның мықты ұйымдастырушылық дайындығы айқын көрініс тапты», - деді саясаттанушы Н.Шаталов.
 width=

Сонымен қатар, сарапшы «Елдіктің жеті тұғыры» әр қазақстандық жанына жақын сезінетін негізгі құндылықтарды қамтиды деп атап өтті. Ол бұл туралы ойын «Біз осы құндылықтарды біліп өстік, олар өте маңызды. Мысалы, Елбасы қағидаттар жиынтығында жазған отбасы құндылығы қазіргі жастар арасында өзекті. Мұны көптеген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері де көрсетіп отыр. Бұл олардың білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылысында көрініс табады», - деп қорытындылады. Пікірталасқа қатысқан «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева партияның 20 жылдан бері жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап келе жатқанын атап өтіп, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысымен бөлісті.

«Биылғы жылдың қараша айында жүргізілген зерттеулерге сәйкес (6800 респондент) халықтың партияға және билік институттарына деген сенімі артып келеді. Бұл үрдіс жыл бойы сақталып отырды. Сауалнамаға қатысқандардың 76,6% «Nur Otan»-ға сенеді. Сенім партияның сайлауалды уәделерін сапалы орындау есебінен артып келеді. Осылайша, сауалнамаға қатысқандардың 59,9% партияның сайлауалды бағдарламасымен таныс болса, тағы 55% партия өз уәдесін орындайды деп есептейді», - дейді М.Нұрғалиева. Бұл туралы ол «Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті жиынында жариялады.

Сондай-ақ сарапшы қазақстандықтардың билік институттарымен өзара байланысу мәселесіне, қоғамдық қабылдаулар жұмысына және халық арасындағы әлеуметтік оптимизм көрсеткішіне де тоқталып өтті. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=mviLYqonQV0[/embed] Қоғамдық саясат институты директорының пікіріне сәйкес ауыл әкімдерін сайлауға тұрғындар оң баға берді. Зерттеу нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 67,9% ауыл әкімдерін сайлау ауыл тұрғындарына жергілікті билік пен қабылданатын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік береді деп санайды. Сонымен қатар, кездесу барысында сарапшылар қазақстандықтардың басты бағдары Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылап, Қазақстандағы өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша пікір алмасты. Еуразиялық интеграция институтының директоры, саясаттанушы Оразғали Селтеев өз сөзінде билеуші ​​партия мен басқа да барлық қоғамдық-саяси қозғалыстар елдіктің 7 тұғырында айтылған құндылықтарды нығайту жолында қызмет етуі керектігін, сондай-ақ олар мемлекет дамуының негізі болғандықтан халық арасында да кең қолдау тапқанын айтты.