ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова қайтыс болды

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова қайтыс болды

ашық дереккөзі

Әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Гүлнар Дәукенова өмірден озды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, режиссер Асхат Маемиров Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. "Алашын өміршең әндерімен, көкейкесті күйлерімен тербеген әнші-композитор, Қвзақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі ГҮЛНӘР ДАУКЕНОВА өмірден өтті. Халық арасына кеңінен танылған "Сағындым сағым жылдар", "Күрең күз", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Мөлдір сезім" секілді көптеген әндердің авторы Гүлнар Даукенова әпкеміздің туындылары да, Өзінің жан дүниесі секілді шынайылыққа, сыршылдыққа, лиризмге толы болатын. Ширек ғасырдан астам уақыт ұлттық музыкамыздың қара шаңырағы - Құрманғазы оркестрінде еңбек етті. Еліміз тәуелсіздігін алған тұста үлкен толғаныстан туған "Жасай бер, Қазақстаным!" күйі - көптеген оркестрлердің репертуарының алтын қорына енді", - деп жазды Маемиров. Гүлнар Дәукенова Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші, композитор. Ол Үржар ауданының "Құрметті азаматы", "Білім беру ісінің үздігі". Гүлнар Дәукенова  халыққа "Сағындым сағым жылдар", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Күрең күз" секілді көптеген әндерімен танымал болған.

Жүктелуде...