Жаңалықтар

Нағыз еркек! Атыраулық жігіт суға батып бара жатқан досын алып шықты

Оқиға 24 желтоқсанда Жайық өзенінде болған. Мұз астына түсіп кеткен 18 жастағы жігіттің досы оның су астына кетіп бара жатқанын көріп, көмекке асыққан - деп хабарлайды ATPress.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Оқиғаға куә болған тұрғындар құтқарушылар шақырған. Бақытымызға орай, екі жігіттің өздері өзеннің арғы бетіне өздері жүзіп шыққан. Атырау қалалық полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері суға батып кетуге сәл қалған жігіттерге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Осы орайда, Атырау облысының полицейлері мұз үстімен жүру қаупі туралы тағы да ескертеді.

"Патрульдік-күзет қызметінің тәулік бойғы стационарлық бекеттері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Мақсаты — полиция қызметкерлерінің халық көп жиналатын қоғамдық орындарда және криминогендік учаскелерде, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін аумақтарда тұрақты болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің жай-күйін тікелей бақылау және азаматтардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдауды ұйымдастыру", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.