Астанада Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Астанада Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі еліміздің бас қаласының жетістіктеріне арналған "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Кездесуге мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Конференцияға қатысушылар елорданың басты жетістіктері, оның 300 мыңнан астам тұрғыны бар шағын қаладан дамыған инфрақұрылымы бар мегаполиске дейінгі дамуы және барлық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени процестерді тарту орталығы туралы айтып берді.
"Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада 1000-нан астам түрлі іс-шаралар, оның ішінде 300-ден астам ірі іс-шаралар өткізілді. Қала 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту үшін бар күшін салды. Елорда білім беру, құрылыс саласында үлкен жетістіктерге жетті. Тек осы жылдың өзінде 3,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, бұл қала үшін рекорд. 15 мектеп салынды, 13 мың үлескер өз баспаналарын алды.
"30 игі іс" акциясы аясында мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді, атап айтқанда, 15 мыңнан астам азық - түлік себеті таратылды", - деді іс-шараны аша отырып, елорданың Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.Сондай-ақ, ол елордада бірінші Халықаралық театр апталығы өткізілгенін, еліміздің көрнекті қайраткерлеріне, соның ішінде алашордашыларға, Дина Нұрпейісоваға, Талғат Бигелдиновке, Әбу Насыр әл-Фарабиге және т.б. бірқатар ескерткіштер ашылғанын еске салды. Қоғам қайраткері, профессор Төлеген Қуанышев жас Астананың қалыптасу жылдарын еске салды.
"Бүгінгі тақырып – Нұр-Сұлтан қаласының дамуы мен жетістігі. Бірақ қандай сәттілік болмасын, оның алдында әртүрлі тарихи кезеңдер болады. Сол 1998 жылдың желтоқсанында бірінші шақырылған депутаттар құрамында біз сол кездегі Ақмола қаласына келдік. Біз келгенде бұл жердің табиғаты ерекше болды, ақпанның ызғары. Ол кезде қалада екі қонақ үй болған, олардың бірі біз барған Турист. Қалған ғимараттар Абай ескерткіші тұрған жерде орналасқан. Сол күндері бізбен бірге елімізге белгілі қайраткерлер келді. Содан кейін бір үлкен жиналыста қаланы дамыту, оны қай бағытта дамыту туралы мәселе көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қаламыздың сол жағалауға қарай өсетінін айтты. Содан кейін оны азаматтар қолдады және бүгін біз бұның оң шешім болғанын көріп оиырмыз. Себебі жер тегіс, көшелер кең, үлкен ғимараттар салу үшін көптеген мүмкіндіктер бар", - деп атап өтті Төлеген Қуанышев.Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі дайындаған үш кітаптың тұсауы кесілді. "Нұр – Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары"/"Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы", "Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер" басылымдары және "Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан" әндер жинағы елорданың қалыптасу тарихы туралы әңгімелейді. Айта кетейік, "Нұр – сұлтан – Тәуелсіздік тұмары" және "Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы" кітаптары "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жарық көрген материалдар негізінде жазылған. Бұл беттер арқылы еліміздің бас қаласының шежіресін байқауға болады.