Түркістан: Киелі Отырар ауданының тұрғындары департамент басшысының жеке қабылдауында болды

16 Қазан, 2019 95 0

Азаматтардың құқығын қорғау және олардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін қарау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі басым бағыттарының бірі. 

Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың талап-тілектеріне құлақ түруге қоғамдық қабылдаудың тигізер үлесі мол.   

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев  ордалы Отырар өлкесінде болып,  жеке және заңды тұлғаларға қоғамдық қабылдау өткізді. 

Жеке қабылдау барысында  аудан тұрғындары жеке мәселелерінен бөлек, ауыл шаруашылығы, ағын су, шаруашылықты несиелендіру, құрылыс және  сатып алу мәселелері бойынша көкейде жүрген бірқатар сауалдарын ортаға салды. 

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрген Хаким Дүйсешұлы қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес нақты жауап беріп, келіп түскен өзекті мәселелерді өзінің басты назарына алатындығын атап өтті.   

Департамент басшысы жеке қабылдауға келген әрбір азаматқа кеңес беруде үнемі ашық екенін айтып, «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын жеткізді.

Тегтер: Түркістан, жаңалықтар, сыбайласжемқорлыққақарсықызмет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.