Жаңалықтар

Елордалық тұрғын алапта жаңа аула клубы ашылды

Елордалық тұрғын алапта жаңа аула клубы ашылды

Елордалық "Пригородный" тұрғын алабында ардагерлерге арналған орталықпен біріктірілген InterPro жаңа аула клубы ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Аула клубының ашылуына Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, қалалық мәслихаттың депутаты Ғабит Тәжімұратов қатысты.
"Аула клубтары өскелең ұрпақ үшін тартымды орталық болып табылады. Мұнда балалардың ағылшын тілі, хореография, шахмат курстары жұмыс істейді. Балалар бүгінгі таңда біздің клубтарда жұмыс істей отырып, жетістікке жетіп, өз қабілеттерін ашады. Аула клубының ашылуына бастамашы болған Тұрар Жұбанышқызына жеке алғысымды білдіргім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіби өсу тілеймін!"- деді Берік Жәкенов.
"Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтарының ерекшелігі-олар балалар мен жастарға ғана емес, қарт адамдарға да арналған. Біз халқымыздың барлық топтарына назар аударуымыз керек. Осылайша біз жастарды аға буынмен біріктіреміз", - деп атап өтті Қайрат Қамбаров. Aspan дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бірінші қабатында балаларға ағылшын тілін, хореографияны, шахматты тегін үйретеді. Аға буын үшін тегін Цигун сабақтары бар. Айта кетейік, Есіл ауданында бүгінгі таңда 4 аула клубы мен ардагерлерге арналған 20 орталық жұмыс істейді.