2021 жылы Қазақстанға қандай мамандар қажет болды?
2021 жылы Қазақстанға қандай мамандар қажет болды?
Биылғы жылы hh.kz жұмыс беруші мен іздеуші арасындағы қажет мамандықтар санын қарай отырып, елімізге ең қажетті маман иелерін анықтаған.
Бұл туралы hh.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Жұмыс туралы порталдың хабарлауынша қазақстандықтар 350 мыңнан астам вакансия орналастырған. Бұл өткен жылға қарағанда 59 пайызға артық көрінеді.
Сату саласында ең көп адам іздеген екен. 85 мыңнан астам вакансия осы салаға келсе, бухгалтерия мен қаржы бойынша 35 мыңнан астам жұмыс орны шыққан. Әкімшілік қызметкерлер де елімізге аса қажет дейді аталмыш портал. Мәселен, бұл саланың өзіне 30 мыңнан астам жұмыскер қажет болған. Одан бөлек, ақпараттық технологиялар және жылжымайтын мүлік саласына да білікті мамандар көп керек екен.Қорытындылай айтсақ, ең қажетті мамандықтардың топ үштігіне бухгалтер, сатушы және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер кірген.