Балуан Шолақтың ұрпағы

16 Қазан, 2019 138 0

Тараздағы санаторияда атақты Балуан Шолақтың туған жиені Мырзағали Бақторазбен танысып дастархандас болдық. 

Ашық жарқын, ақ көңіл азамат екен. Дембелше келген жігіт ағасының күш қайраты да алпыстан асқанына қарамастан кемелінде. Жас кезінде күреспен айналысып талайлардың жауырынын жер искетіпті. Осында демалып жатқан жұрттың қолпаштауымен белдесіп көрдік. (Олардың біразы кезінде менің еркін күрестен Жамбыл облысының, Алматы қаласының чемпионы болғанымды білетін болып шықты). Белі мығым, нағашы атасына аумай тартқаны аңғарылып тұр. Он минутқа созылған белдесу тең аяқталып, достық қауышуға ұласты.


Қалыбек Атжанның фейсбук парақшасынан алынды

Тегтер: БалуанШолақ, Тараз, санатория

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.