Пиротехника-2021: астаналық полицейлер қауіпсіздік ережелерін еске салды
Пиротехника-2021: астаналық полицейлер қауіпсіздік ережелерін еске салды
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады.
Осыған байланысты елорда аумағында 2021 жылдың 15 желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 қаңтары аралығында "Пиротехника-2021" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=nzuDo_bFdUQ&feature=emb_title[/embed]
Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады: - пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден); - балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз; - қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз; - пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз; - ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз; - көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс; - білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек; - жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады. Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.