Жаңалықтар

Өскеменде жеті жасар баланы ит талап өлтірді

Өскеменде жеті жасар баланы ит талап өлтірді

Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпарат берді.
"Біз, "Лесхоз" аулының, "Надежда", "Эдельвейс" бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз", - деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды. Біраз бұрын Атырауда қала сыртында төрт ит жасөспірім қызды талап тастағаны хабарланды. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.