Аспаннан награда жауған күн! Құрмет неге құрметсіз қалды?
Аспаннан награда жауған күн! Құрмет неге құрметсіз қалды?
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, елімізде Мемлекеттік наградалармен біраз азаматтар мен азаматшалар марапатталды.
Есімі елге белгілі және түрлі салаға еңбегі сіңген адамдардың алуы әрине заңдылық. Мәселен, отандық QazVac вакцинасын әзірлеген Күнсұлу Зәкәрия әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды. Дегенмен, текті ғалым мемсыйлық ақшасын үйге мұқтаж жандар үшін Жамбыл облысына аударатынын айтқан.
Дәл осы жерде айта кететін жайт, былтыр қуаңшылық қысқан кезде жалпақ қазаққа үндеу тастап, елді бірлікке шақырған Құрмет Талапқазы түк мемлекеттік наградасыз қалды. Шымкент қаласы әкімінің тарапынан сыйлық алғаны рас екен. Бірақ, ол Мемлекеттік сыйлық емес қой.Осы орайда newsroom.kz порталының осы мақаланы оқыған оқырмандары үшін #ҚұрметҚұрметтелсін хэштегімен арнайы акция бастауды ұсынамыз. Осылайша елді ән-күйімен немесе өлең-жырымен емес, қуаңшылық кезде халық игісіне жарайтын мал-жанның қамын ойлауымен бірлікке шақырған Құрмет Талапқазының құрметтелуіне өз үлесімізді қосайық.
Қоңырақын ҚАРАБАЙ