Жаңалықтар

Мақатаевтың ұлы - Жұлдыздың әкесі туралы естелігі

Мақатаевтың ұлы - Жұлдыздың әкесі туралы естелігі

Әкем өлеңді өзінің жеке бөлмесіне отырып жазатын. Аузына насыбай салып алатын, көк шапаны болды, соны желбегей жамылып отыратын. Үстелді кеудесіне тіреп отырып алатын еді. Сосын жазып біткесін жайраңдап келіп, анамызға оқып беретін. Оқитын да, "Лашын, қалай болыпты?" деп күлетін. Ең алғашқы төреші — анамыз-тұғын.
 Әкем көп жағдайда қолдау таппай қалатын. Ондай сəттерде анамыз Лашын басу айтатын. "Бəрі дұрыс болады" дейтін. Сəл мұңайып отырып, əкем еңсесін қайта көтеретін. Сондайда бөлмеде ерсілі-қарсылы адымдап:
"Əй, мені түсінгісі келген адам өлеңдерімді оқиды. Ничего, төрт миллион қазағым аман болса, мен ешқашан өлмеймін", — дейтін. Əкем өзінің өлетінін сезді.
Ауруханадан дəрігерлер "мүлдем үміт жоқ" деп шығарып жібергенде, Комсомол-Космонавт көшелерінің қиылысындағы аялдамада ұзақ отырды. Көзін бір нүктеге қадап, үнсіз отырды. Сосын үйде бір күн ғана болды. Ертесі қайта əкетті.
Қайтқан күні жаңбыр құйып тұрды. Табиғаттың өзі жылап тұрған сияқты…

Абдулмахмуд ПОШАТАЕВ

1999 ж.