Жаңалықтар

Қазақстанның 30 жылдағы татулық пен бірлік саласындағы жасампаздығы

Қазақстанның 30 жылдағы татулық пен бірлік саласындағы жасампаздығы

Қазақстан әлемге өзінің татулығы мен мызғымас бірлігімен де танымал. Себебі бір шаңырақтың астында 130 ұлт пен 17-ден астам діни конфессия өкілдері өмір сүріп жатыр. Бұл елдегі стратегияның дұрыс әрі тиімді екенін көрсетеді. Ұлт пен ұлыстың тату-тәтті күн кешуіне үлес қосып келе жатқан бірегей институт Қазақстан халқы ассамблеясының да рөлі зор. Шетелдік елдер осы тәжірибені қолданғысы келіп, қызығушылық танытып отырған институт 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Институт азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып есептеледі. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
ҚХА төрағасының орынбасары Майя Бекбаева қазақтарда елімізде тұрып жатқан бірде-бір ұлтпен дау, келіспеушілік жоқ екенін айтады.
Сондықтан бұл жерде «Қазақстанда ұлтаралық дау-дамай бар» деп айта алмас едім. Бізде ешбір этноспен дау жоқ. Иә, тұрмыстық жағдайлар болады. Қазір интернет дамыған заманда кез келген ақпаратты өзгертіп таратудың нәтижесінде арандатушылар ақпараттық ілік тудырып, ұлтаралық кеңістікке шығарады. Біздегі халық тату-тәтті өмір сүріп жатыр, - деді Майя Бекбаева.
Оның айтуынша, «ҚХА немен айналысып жатыр, тек ұлттық киім киіп билегенді біледі» деп айтылатын пікір бар.
Бұл орайда ақпарат беру аз деп ойлаймын. Себебі біз ақпарат берген кезде «ҚХА бір шара өткізді» деп береміз. Шын мәнінде, ҚХА ауқымды жұмыс атқарады. Мысалы, солтүстікте Аналар үйі белсенді жұмыс істейді. Ардагерлер кеңесі де тиімді жұмыс істейді, - деді ол. Көктемде қазақ халқы тарихи сәттің куәгері болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы мәртебесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстаған еді. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі қажет. Баршамызға ортақ жұмыстың басты бағдары дәл осындай болуға тиіс, - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ұлт пен ұлыстың бірлігі мен татулығы басты назарда екенін ең қастерлі заң – Ата Заңда да айтылғанынан білуге болады.
Қазақстан Республикасы Конс­титуциясы­ның 1-ші бабында Қа­зақстан Республикасы қызметі­нің негізгі прин­циптерінің бірі «қоғамдық татулық пен саяси тұ­рақтылық» деп жария етіл­ді.
Бар­лық азаматтардың, олар­дың ұл­ты­­ның қандай екеніне қа­ра­­мастан, құ­қықтары мен бос­тан­дықтарының теңдігі бекітілген. Осылайша, біздің еліміз, ең ал­дымен, мәдениеттердің, тілдердің, халық дәстүрле­рінің алуан түр­лілігін мойындай отырып, аза­мат­тық қоғам құру жолын таң­дады. Сондықтан Елба­сымыз ке­лесі қағи­даттарды белгілеп бер­­ді, олар: – Мемлекеттің мүлтіксіз да­муы­ның, өзара сыйластық пен қо­ғам­ның жауапкершілігін сақ­таудың мызғы­мас­тығы; – Қазақстан халқының бірлігі; – Этностық, конфессиялық, мә­дени және тілдік әралуандық; – Қазақ халқының біріктіруші рөлі; – Барша этностарға мәдениетті, тілдер мен дәстүрлерді дамы­ту үшін барлық қажетті жағдай­лар­дың жасалуы. Осындай қағидаттар негізінде бү­гінде Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиім­ді саяси-құқық­тық жүйесі қалып­тасты.