Татулықтың тал бесігі: Ұлыстарға Отан болған Қазақстан
Татулықтың тал бесігі: Ұлыстарға Отан болған Қазақстан
Қазақ-өзбек қарым-қатынасы бауырлас, достастық негізінде құрылған. Біздің елдер үшін 1998 жылы қол қойылған «Мәңгі достық» туралы құжат пен Стратегиялық серіктестік туралы құжат басты негіз болып есептеледі.
Тәуелсіздік алып, шекарамыз шегенделген соң көпжақты даму негізінде дамыған стратегиялық қарым-қатынастың маңызы туралы тарқатып айтып беруді жөн көрдік.
Бүгінгі таңда 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3,1 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіштің өзі көп дүниені аңғартады.
Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында өнеркәсіптік кооперация бойынша орталық ашылатынын айтқан еді. Бұл да өзара ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжановтың айтуынша, көпұлтты Қазақстанда 130-дан астам өмір сүреді.
Мемлекетіміз Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бір ғана ұлы мақсат болды. Ол – көпұлтты қазақстандықтардың басын бір шаңырақтың астына жинап, олардың тыныштығы мен тілі, мдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін дамыту еді. Осының аясында 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы ашылды. Біз тәуелсіздігіміздәің 30 жылдығына дейін ұлтаралық қарым-қатынастың қазақстандық моделін қалыптастырдық. Әрине, бұл ҚХА-ның атқарып отырған жұмысын Еурлпа елдері мен Орталық Азия мемлекеттері де оң бағасын беріп, ассамблея жұмысын өздері де үлгі етіп отыр, - деді Икрам Хашимжанов.Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы 1995 жылы құрылған. Қауымдастық республиканың барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктерінің жұмысын назарға алып, көмегін береді. ҚХА-ның басымдықтары мен Мемлекет басшысының саясатын халық арасында насихаттау қызметін жүргізеді. Қазақстанда 700 мыңға жуық өзбек өкілі өмір сүреді. Сан бойынша үшінші орынды иемденіп, бүгінгі таңда атқарып отырған жұмыстарымен көзге түскен этномәдени бірлестіктің бірі болып есептеледі. «Дуслик» қауымдастығы мемлекеттік тілді білу парықы мен оқушылардың кәсіби бейімделуіне үлес қосып жатыр. Өзбек халқының тілі, мәдениеті күндері жыл сайын ауқымды деңгейде аталып өтеді, - деді ол. Қазақстандағы ұлт пен этностың бірлігі ішкі саяси тұрақтылықтың негізін қалыптастырады. Көпұлтты ел мейірім мен ынтымақта өмір сүруі керек. Өзбек этномәдени бірлестігі де ҚХА-ның игі бастамаларын қолдап, жүзеге асырады.
Икрам Хашимжанов әрбір ұлттың тілі мен дінін, мәдениетін құрмет ететіндерін айтты.Қазақ халқының айналасында шоғырланып, мемлекеттік тілі мен салт-дәстүрін беру арқылы қоғамдық келісімге үлес қосып отырмыз. Қазақ-өзбек халқы ет пен тырнақтай болып кеткен түркі халықтарының арасындағы ең жақын этнос халықтарының бірі болып есептеледі. Бір ай бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевтың да Қазақстанға сапары соны білдіреді. Қазақ-өзбек халықтары төскейде малы, төсекте басы қосылған, бір дарияның суын бірге ішкен, тілінің де айырмасы өте аз, бір аудармашы түсінетін халықтың негізгі мақсаты да елдегі тыныштық, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосуға атсалысады. Ешқашан қазақ халқы өз ағасының көзіне тік қарамайды. Бұл адамгершілік пен мейірім, ынтымақтастықтың жоғары екенін көрсетеді, - деді ол. Икрам Хашимжанов биыл еліміздің туелсіздігіне 30 жыл толып отырғанын еске салды.
Ата-бабамыздың аңсаған арманы, бұдан 3 мың жыл бұрын Тоныкөктің армандағаны тәуелсізік еді. Тарих үшін 30 жыл көп уақыт болмаса да, біздің мемлекеттеріміз 30 жыл көлемінде талай белесті бағындырды. Талай қиындықты артта тастап, үлкен жетістікке жетті. Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау керек. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Мемлекет басшысының мақаласында барлығы айтылған. Осы 30 жылда көрші елдермен ырың-жырыңға бармай, шекарамыздың қазығын нықтап қағып, ұлттық валютамызды айнаымға шығарып, төл мәдениетімізді дамыта білдік, - деді бірлестік төрағасы.Көпұлтты қазақстандықтардың мәдениеті де дамып келе жатыр. Оның айтуынша, көпұлтты қазақстандықтарды бір себетке салынған алуан гүлге теңеуге болады. Бір бума әр алуан гүлден құралса, ол шырайлы, әдемі болады. Сондықтан да біздің еліміздегі көп ұлт пен ұлыстың бірігуі әдемі. Екі мемлекеттің театр ұжымдарына дейін бір-біріне қонаққа барып, қойылымдарын қойып жүр, - деді ол. Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Біз көздің қарашығындай болған тәу етер тәуелсіздігімізді ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп табыстағанымыз жөн. Осыны әрдайым есте сақтау керек, - деді ол. Біз, жеткен жетістігіміз бен бағындырған белесіміз – берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа негізделген сындарлы саясаттың жемісі және жеңісі екенін мойындауымыз қажет.