"Әйелім сол ауданға аты шыққан жезөкше екен": 4 баласын қайтара алмай жүрген азаматтың оқиғасы
NewsRoom
"Әйелім сол ауданға аты шыққан жезөкше екен": 4 баласын қайтара алмай жүрген азаматтың оқиғасы
Айбек есімді азамат кезінде Қырғызстаннан Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, осы елде қалып қойған азамат. Қазақстанда үйленіп, балалы-шағалы болды. Он жыл отасқан жарымен айырылысқан азаматтың жеке басын растайтын бір құжаты жоқ. Одан бөлек балалары үш түрлі адамның атына жазылған.
Айбек қай мекемеге бармасын ізіне полиция түсіп, құжатсыз жүргендіктен көп қысым көргенін айтады. Құжат рәсімдеу қиынға соққандықтан 23 жылдан бері елімізде құжатсыз өмір сүріп келді.
"Қазақстанда Әсем есімді қызбен таныстым. Ол Ол Өзбекстанның қазағы еді. Өзбекстанның азаматшасы болды. Бірақ ұлты қазақ. Сарыағаш ауданында ата-анасы тұратын. Әке-шешесі келіп, әйелімді, бала-шағамды алып кетті. Мен өзім жұмыста көп жүрдім. Бір күні балаларым хабарласып, қиналып жүргенін айтты. Бір күнде барып үш баламды алып кеттім. Төртінші баламды әйелім ағасына берген", - деді Айбек.
Балаларының туу туралы куәлігі де болмаған. Өзінің құжаты болмағандықтан әр перзентханада балаларының әкесінің есімі әртүрлі жазылған. Соған орай метіркелері де дұрыс жазылмаған.
Карантинге байланысты жалақысынан айырылғандықтан пәтерден қуылыпты. Әр екі күннің бірінде балаларын ертіп әр жерде қонып келген. Кейін бейімдеу орталығынан хабарласып балаларын, үш айға сонда орналастыруға ұсыныс білдірген. Әйелі қорғау орталығына өз қолымен апарып тапсырғандықтан, Айбек балаларын қайтара алмай дәрменсіз күйде отыр. Үкіметтен құжатын рәсімдеуін, балаларың құжатын реттеп, өзіне қайтаруға көмектесуін сұрайды.
Ал, әйелінің жеңіл жүріске салынғанын ашық айтты.
"Ол ағасының кафесінде ыдыс жуушы болып істейтін. Күнде түнгі уақытта келетін. Бірде көшеге шықсам, ол бір жігітпен көшеде тұр екен. Мені көріп көлікке мініп қашып кетті. Қасымызды тұрған көліктегілерге барып өтініш айттым. Әйелімнің соңынан қуайықшы деп өтіндім. Бірақ олар біз де сол қызды күтіп отырмыз деді. Ол қыз сол ауданда "Мөлдір" деген лақап атымен танылған екен. Әсем деген есімін жасырған. Әпкесін ертіп жұмысына бардым. Ол жерде де Әсем деген ешкімнің жұмыс істемейтінін айтты. Әйелім жұмыстағыларға да есімін Мөлдір деп таныстырған екен", - деді Айбек.
Ақпарат: Stan.kz порталынан алынған