Белгілі бір деңгейде шектеулермен еліміздегі қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмыс істей бастайды
Қазақстанда 18 мамырдан бастап қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Елімізде 2020 жылдың 18 мамырынан бастап төмендегідей іс-шараларға рұқсат етіледі:
- қонақ үй кешендері;
- сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары;
- санитарлық талаптарға сәйкес ашық аспан астындағы жазғы алаңда қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орындары.