Жаңалықтар

Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы туралы не білеcіз?

Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы туралы не білеcіз?

Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы 1939 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Тұлба сұмынында өмірге келген. Жары Назира Нұрғалиқызымен 41 жыл отасып 8 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген деп жазады kaznews.mn порталы. 1965 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін тәмамдап Моңғолия Орталық Жастар одағында, Моңғолияның газет-журналдарында қызмет атқарған. Шығармаларын көбінесе моңғол тілінде жазады. “Алтай тынысы”, “Күн досы”, “Тау өзенінің тасқыны”, “Тау жарығы”, “Ыстық жаздың жауыны”, “Үлкен үй”, т.б. роман, повесть, өлең, жыр жинақтарының авторы. Моңғолия жазушылар ортасында жоғары бағаланған жазушы болған.
Қазақтың классикалық туындыларын моңғол тіліне аударуда көп еңбек сіңірген.
Мұқтар Әуезовтің “Абай жолы” романының II кітабын, Сәбит Мұқановтың “Ботагөз” романын, “Қазақстан жазушыларының біріккен жинағын”, Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Кадыр Мырза Әлінің “Шымыр жаңғақ”, Қазақстан балалар жазушыларының “Тарту” жинағын, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» басқа да көптеген қаламгерлердің туындыларын, Моңғолиядағы қазақ жазушыларының 20 шақты кітабын моңғол тіліне аударған. Сондай-ақ Моңғолияда Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, ондағы қазақ әдебиетіне қатысты жұмыстарға жауаптанып Баян-Өлгийдегі қазақ қаламгер жазушыларының еңбектерін моңғол тіліне аударып отырған. Қазақ әдебиетіне зор еңбек сіңіргенімен қаламгерді қазақ жұрты тым жақсы біле бермейді. Себебі, жазушының еңбектері қазақ тіліне аударылған жоқ. Алғаш рет 2009 жылы қаламгердің Қазақстанда «Сүмбіле» атты прозалар жинағы жарық көрді. 2013 жылы өмір, тарихы, шығармасы жайлы кеңінен баяндалған «Тағдыр пернесі» атпен жарық көрді.  width= Жәмлиқа Шалұлы «Менің құбылам» атты эссесінде «Қазақшылдығым ондағы коммунистерге де ұнай қоймады. Ол үшiн қуғындалып, партиялық сөгiс алған да кезiм болды. Алайда, «ұлтшыл» деген айдардан ыға қоймадым. Керiсiнше, ызыттанып, Iлияс Есенберлиннiң «Көшпендiлер» трилогиясын, қазақтың ұлттық қаны сорғалап тұрған шығармаларын бiрiнен кейiн бiрiн аудара бердiм. Моңғол тiлiне Жұбан Молдағалиевтiң «Мен – қазақпын» поэмасын аударуым арқылы өзге ұлттың алдында «Мен – қазақпын» деп асқақ үн қата бiлдім», – дейді жазушы. Қатарлас қаламгерлер ол кісіні өте жоғары бағалап, мінездеме берген. Солардың бірі Д.Нацагдорж атындағы сыйлығының иегері С.Надмид «Қазақ бола тұра Моңғол тілін жеттік меңгерген. Енді қазақ салт дәстүрлері туралы шығармаларында кеңінен баяндап, насиқаттау ғана қалды» деген. 50 жылдығын Ұланбатыр қаласының Жастар Одағы, 60 жылдығын 1999 жылы Қазақстан мемлекеттік музейінде шығармаларынан көрме, әр түрлі танымдық әңгімелер ұйымдастырылды. Жамлиқа Шалұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өткен. ӨЗ ЕЛІМ-АТА ЖҰРТЫМ Тым алысқа көшкем екем-ай, Тұңғиық көкке ұшқан екем-ай. Шын құздарды кезген екем-ай, Шетсіз шөлді кешкен екем-ай. Кімге осылай мен асығып, Көзcіз күйге түстім екен? Әкем кенет бақи кетіп, Топырағына келдім бе екен? Тым алысқа көшкенімді-ай, Тұқым-тұяқ ерткенімді-ай. Қимас достың қалғанын-ай, Қара көздің алғанын-ай. Кімге асығып мен осылай, Көзсіз күйге түстім екен. Аңсауменен ақ жаулығын, Анашыма жеттім ба екен. Тым алысқа көшкенімд-ай, Көзден жасты төккенімді-ай. Құда жекжат айрылғаны-ай, Қыз қанаты қайрылғаны-ай. Кімге мен осылай асығып, Көзсіз күйге түстім екен? Жатта жүріп, ел сағынып, Жорта-жорта жеттім бе екен? Мені алысқа жетелеген-ай, Ана тілім-кием екен-ай. Ақ домбыра – күйім екен-ай, Алла берген сыйым екен-ай. Ұрпағым көрер – қызығым екен, Тағдырым жазған сызығым екен. Өзгерем, текті қаным екен, Өз елім – Ата жұртым екен! Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы