Жаңалықтар

Қазақстанда пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды

Вице-премьер төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның шешімімен 15 мамырдан бастап пойыздарға билет сатылады
1 маусымнан бастап елде кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасы жанданады. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "2020 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын ескере отырып, ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. Жолаушылар пойыздарына билет 15 мамырдан сатыла бастайды. Бұған дейін 13 мамырдан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылатыны хабарланған еді.