Жаңалықтар

Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады

Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады

Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр, мұсылман жамағатына оны мешітте қарсы алуға мүмкіндік туды
 Қазақстанда мешіттер келесі дүйсенбі, 18 мамырда ашылады, - деп хабарлайды, NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. "18 мамырдан бастап ғимарат көлемінің 30 процентін ғана толтыра отырып, санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі", - делінген хабарламада. Осылайша қазақстандықтар Қадір түнін мешітте қарсы ала алады. Биыл мың айдан да қайырлы Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр. Тағы оқыңыз: Рамазан-2020: Ораза кестесі Еске сала кетсек, Қазақстанда 15 наурызда жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда бір-ақ аяқталды. Адамдар екі айға жуық уақыт бойы мешітке бара алмаған еді. Коронавирустың таралуына жол бермес үшін жамағатпен оқылатын намаздарға шектеу қойылды. Мешіттерде ауызашар беруге тыйым салынды.