Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды

12 Қазан, 2019 302 0

Танымал «Орда» тобының солистері Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды. Қаралы хабарды журналист Ришат Асқарбекұлы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын", - деп жазды ол Facebook парақшасында

Әншілердің анасы жағынан туысы Жұбатгүл Самбууқызы да бұл қаралы хабарды растап, көңіл айтты.

"Жәмилә апайымыз бен Беделхан жездеміздің мезгілсіз (жол апатынан) дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанда тұратын Әбілхан әулетіндегі барлық аға, әпкелерім, Есей аға, Темірбек аға, Гүлнәр әпкем, Назгүл әпкелеріме барша ағайын-туыс, балаларына қайғырып көңіл айтамын" , - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Жанар Хамитованың өзіне қол жұмсап көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.  


Тегтер: ЕрболатБеделхан, ана, жолапаты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.