Жаңалықтар

Қытайда теңіз деңгейінен ең жоғары жүрдек теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қытайда теңіз деңгейінен ең жоғары жүрдек теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктіктегі Ланьчжоу-Шыңжаң жоғары жылдамдықты теміржол Шандан ипподромы станциясы жолаушылар қызметін ресми түрде ашты деп жазады kaz.people.cn сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.  Шандан ипподром станциясы Ганьсу өлкесінің Чжанье қаласы Шандан ауданында орналасқан. Станция бастапқыда өтпелі станциясы болғандықтан жолаушыларға қызмет көрсетпейтін. Ағымдағы жылдың наурыз айында Шандан ипподром станциясы 1080 шаршы метрлік жаңа жолаушылар вокзалының ғимараты, 2 жолаушылар платформасы және тиісті қосалқы қондырғылармен жөндеу және кеңейту жобасын бастады. Ресми іске қосылғаннан кейін күніне бірнеше жүрдек пойызы Шандан ипподромы станциясына келіп тоқтайды. Жолаушылар бұл жүрдек пойыздарға отырып Ланьчжоу, Сиань, Үрімші, Цзяюгуан, Дунхуан және басқа да қалаларға бара алады. Шандан ипподромы - әлемдегі ең көне ипподромдардың бірі болып табылады. Хань әулетінен бері бұл жер ресми жылқы өсіру базасы ретінде танылған. Хо Цубин Шандан ипподромының бірінші меңгерушісі болды. Таң әулеті гүлденіп тұрған кезде мұндағы жылқы саны бір мезетте 70 мыңнан асқан болатын. Жаңа Қытай құрылғаннан бері Шандан ипподромы жарты ғасырға жуық әскери жылқыларды өсіріп келеді. Соңғы жылдары Цилиан тауларының экологиялық ортасын қорғау бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізгендіктен, Шандан ипподромы экологиялық туризмді белсенді түрде дамыта бастады. Шандан ипподром станциясы жолаушылар тасымалы жұмысын бастағаннан кейін туристердің қарлы шыңдар, жасыл жайлау мен тұлпарлардан тұратын ерекше табиғатты тамашалауына қолайлы болды. Ол тағы да «Тұнық су мен жасыл тау - байлығымыз» деген идеяны насихаттауға ыңғайлы болады.