Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Пәтер берер кезде 100 сұранысқа ие мамандыққа журналистерді де қосу қажет» - депутат

«Пәтер берер кезде 100 сұранысқа ие мамандыққа журналистерді де қосу қажет» - депутат

«Пәтер берер кезде 100 сұранысқа ие мамандыққа журналистерді де қосу қажет» - депутат
ашық дереккөзі
Мұндай артықшылық қазір қай қала мен өңірде болсын жетіспей отырған жас дәрігерлер мен мейіргерлерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, мәдениет пен спорт қызметкерлеріне, ғалымдар мен журналистерге берілмеген болып шықты. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман жастарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша үкіметке депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Елбасының тапсырмасына сәйкес өткен "Жастар жылында" жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілгені мәлім. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылған осы бағдарлама ірі мегаполистерде еңбек етіп жүрген жас отбасылар мен жалғызбасты жастарымыздың баспана мәселесін шешуіне оңтайлы мүмкіндік берді. Бағдарлама бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындаған 100 сұранысқа ие мамандығы бар жастарға басымдық беріледі", - дейді депутат. Оның айтуынша, атап айтқанда, сондай мамандықтардың біріне ие жас жұмыскерге 10 балл қосылады. Мұндай артықшылыққа бүгінгі таңда өте қажет IT-мамандар, инженерлер, сәулетшілер, жобалаушылар және дизайнерлер ие екен. "Сондай-ақ, олардың қатарына бетоншылар, сылақшылар, ағаш ұсталары, тас қалаушылар, сантехниктер, слесарьлар, тракторшылар, комбайншылар, тігіншілер, электршілер, дәнекерлеушілер сияқты мамандықтардың иелері де қосылған. Алайда, мұндай артықшылық қазір қай қала мен өңірде болсын жетіспей отырған жас дәрігерлер мен мейіргерлерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, мәдениет пен спорт қызметкерлеріне, ғалымдар мен журналистерге берілмеген болып шықты", - деді Мұсырман. Сондықтан ол аталған бағдарлама бойынша басымдық берілетін 100 сұранысқа ие мамандық тізбесін кеңейту керектігін айтты. "Енді бұл тізімге денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының жас мамандарын, сондай-ақ жас ғалымдар мен журналистерді енгізу мәселесін қарастыру қажет. Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған "Алматы жастары 3.0" жаңа тұрғын үй бағдарламасына қолдау білдіріп, оны басқа қалалар мен облыстарда тарату мүмкіндігін қарастырған жөн", - деді депутат.