Жаңалықтар

Қалмақ елі Ресей Батырына ескерткіш орнатты

Қалмақ Республикасының басшысы Бату Хасиков биыл қайтыс болған Ресей ТЖД басшысы Евгений Зиничевке РФ бойынша ең бірінші ескерткіш-бюстті ел астанасы – Элистада ашты. Бұл туралы riakalm.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

РФ ТЖД министрінің орынбасары Андрей Гурович «ұлы Қалмақ елі әрқашан болған және жеңімпаз болады да. Тарихтағы ең үздік әскерилер мен батырлар осы жерден шыққан» - деп ескерткіш-бюсттің ашылу барысында сөз сөйлеген. Қалмақия басшысы Б.Хасиков болса, биыл құзға құлап кеткен операторды құтқарам деп қайтыс болған министрді жеке танығанын және қалмақ елінде оның отбасы мен әріптестерін көргеніне қуанышты екенін айтқан.