Жусан қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады

17 Шілде, 2018 23592 7

AҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты. 

Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді. 

– Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деді зерттеу авторлары. 

Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді. 

Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен. 

Еске сала кетейік, жақында АҚШ ғалымдары рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылып отыр­ғанын жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екені енді ғана айтылып отыр.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 

Тегтер: Рак, қатерліісік, емі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Алмагул 17 Шілде, 2018

Керемет

Саламат 18 Шілде, 2018

Бүгінгі таңда қатерлі ісік үлкен проблема. Сондыөтан осындай мəліметтерді жібере отырып, қалай алкға болатынын,қай диагнозға қолдану керектігі де айтылса жақсы болар еді.

Бахтыгали 21 Шілде, 2018

ол расында емы жаксы

Калима 31 Тамыз, 2018

Қалай жасалатын жолын айтсаңыздар жəне пайдалану тəсілін білгім келеді.

БАТЫРХАН 15 Қаңтар, 2019

Бұл бізде Қарағандыда он шақты жыл бұрын САНТОНИН АТЫМЕН зертелген жазылған патент ала алмай жүр еді бір галым.енді американдар еге болып отыр

Қамаш 13 Ақпан, 2019

Қазақтар жусаның ракқа ем енкенін баяғыда тапқан. Серғазы Әдікенов деген ғалым .Бірақ Қазақстан сол дәріні шет елге шығарып, қазақтарға қол жетімсіз болып тұр . .

Гулшат 18 Наурыз, 2019

Оте кажеттимаселе.жусан казакстанда жер куй талгамай ар жерде оседи .асиресе кузде пискен жусан пайдалы .ажелеримиз уйге акеп торге илип коятын еди .куртты олтиреди деп сол кезден ак билгенго курт ауруына ем екенин