Bugin.kz республикалық деңгейде шығармашылық байқау жариялайды

11 Қазан, 2019 139 0

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы республикалық деңгейде "Авторлық ертегі" бойынша шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазіргі заманға сай, балалардың тіліне жеңіл, қиял-ғажайыпқа негізделген ертегілерді халық арасында кеңінен насихаттау, қазақ әдебиетіндегі осы бір кенже қалған жанрдың қайта өркендеуіне және авторлардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған.

Қазақ фольклорында ойып тұрып орын алатын ертегінің орны бөлек. Жас ұрпақ санасында ертегінің әсері көп. Сондықтан республикамыздың әр жерінде осы бір құндылықты дәріптеп жүрген авторларды, жазушыларды бұл байқауға қатысуға, қазақ балалар әдебиетінің өркендеуіне үлес қосуға шақырамыз.

Байқаудың шарты:

- "Авторлық ертегі" аты айтып тұрғандай, кез келген автордың ойынан, қиялынан туындауы керек;

- Дайын, бұрыннан бар ертегілерді көшіріп беруге болмайды. Бұл жұмыстар қабылданбайды;

- Кез келген тақырыптағы ертегіні ұсынуға болады. Айта кету керек, ертегі адамды адамгершілік пен еңбекқорлыққа, достық пен адалдыққа, басқа да жақсы қасиеттерге тәрбиелейтін, жақсы мен жаманды айыруға мүмкіндік беретін шығармалар болуы тиіс. Яғни, баланың психикасына жағымсыз әсер ететін дүниелер болмауы керек.

- Қазіргі заманға сай, тілі жеңіл, көркемдік ерекшелігі де көрініп тұруы тиіс;

- Ертегінің көлеміне шектеу жоқ;

- Бір автордың бірнеше ертегі ұсынуына болады;

- 16 мен 45 жас аралығындағы кез келген автор қатыса алады;

ЕСКЕРТУ: BUGIN.KZ-КЕ ҰСЫНЫЛҒАН ЕРТЕГІЛЕР БАСҚА ЕШБІР ДЕРЕККӨЗДЕ (САЙТ, ГАЗЕТ, ЖУРНАЛ, КІТАП Т.Б) ЖАРИЯЛАНБАУЫ КЕРЕК.

Байқауға қатысу қалай жүзеге асады:

 - Автор ретінде платформаға тіркелесіз;

- Ертегіні өзіңіз жазып, ұсынып, «Авторлық ертегі» айдарын таңдап, платформаға сақтайсыз (сілтемеге өтіңіз: https://bugin.kz/6348-buginnen-basta-tauelsiz-avtorgha-arnalghan-nusqaulyq );

- Жұмысты қарап шыққаннан кейін платформа әкімшілігі ертегіні жариялайтын болады (Жанрлық, көркемдік және этикалық жақтан талапқа сәйкес келмейтін ертегілер жарияланбайды);

Байқау қорытындысы және марапаттау кезеңі

- Байқау жеңімпазы bugin (b.) бірлігін жинау арқылы анықталады;

- 50 000 b. асып жинаған автор жеңімпаз атанады және 400 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады;

- Басқа қатысушы авторлар байқау аяқталғаннан кейін қанша bugin (b.) жинады, сол бірлікті ақшаға айналдырып ала алады;

- Байқау 11.10.2019 – 31.12.2019 аралығында өтеді.

- Жеңімпазды анықтау және марапаттау рәсімі 2020 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылады.

- Үздік шыққан ертегілер арнайы жинақ болып басылып, оқырманға жол тартады.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8778 - 605 - 08 - 01 (WhatsApp) 

Тегтер: bugin.kz, байқау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.