2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынған
2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынған
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынды, сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы жалғасын тапты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Тұрғын үй мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Өткен жылы пандемияға қарамастан, елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның 80%-ы - жеке инвестициялар. Мемлекет басшысы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайту мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Мысалы, 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2 900 жеңілдікті пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Бұл көрсеткіш биыл 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.[caption id="attachment_62486" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко (с) astana.gov.kz[/caption] Сондай-ақ, елордада 2021 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы жалғасын тапты. Ағымдағы айда 2,5 мың әлеуметтік пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (қолжетімді тұрғын үй) пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаты кеңейтілді және т. б. 2022 жылы қалада тағы 10 мың жеңілдікті пәтер салынады.