Жаңалықтар

Ресей СІМ өкілі орысша сөйлемеген грузин журналисіне ескерту жасады

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Стокгольмде «Рустави 2» арнасының тілшісі Тамара Нуцубидзеге ағылшын тілінде Сергей Лавровқа сұрақ қойғаны үшін ескерту жасаған.

Бұл туралы mk.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Белгілі болғандай грузин тілшісі пресс-кездесу барысында ішке кіргізу туралы өтінішті орыс тілінде айтқан.

Ағылшын тілінде сұрақ қою проблема ма деген Т.Нуцубидзеге «Тамара, пожалуйста, по-русски, давайте» - деп жауап айтқан М.Захарова орыс тілді тілшілердің де бар екенін айтып, кірер кезде оның орысша сөйлегенін есіне салған.

Грузин тілшісі сұрағын ағылшынша қойған соң, Мария Захарова келесі жолы пресс-конференцияға кірер кезде де ағылшын тілінде сөйлеуді сұраған.