Жаңалықтар

Башқұртстанда 68 жастағы әже ана болуға дайындалуда

Башқұртстанда 68 жастағы әже ана болуға дайындалуда

Ол қазір жүктіліктің 36 аптасында деп жазады ИА «Башинформ» сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Уфадағы перинаталды орталықта сәбиін күтіп жатқан 68 жастағы әйел ЭКО арқылы ұрықтандырылған. Қазір оның жағдайы жақсы деп жазады дереккөздегі басылым. Ақпарат агенттігінің жазуынша сүйінші хабар желтоқсан айының соңына қарай болып қалуы мүмкін. Оған дейін жасы жетпіске келсе де ана болудан тайсалмаған әйел дәрігерлердің бақылауында болады екен.