Жаңалықтар

Сұмдық! Такламакан шөліне қар түсті

2021 жылдың 28 қарашасында Шыңжаңның Лопнұр ауданы аймағы Такламакан шөлінде қар жауды.

Бұл туралы kaz.people.cn сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды. Ұшы- қиырсыз құм төбелер күмістен киім кигендей аппақ түске енді. Шөккен тұманмен бірге шөл дала, тораңғы орманы мен көл ертегідей көрініске бөленді. Такламакан шөлінде қар салыстырмалы түрде сирек жауады, сондықтан шөл далаға жауған қар көптеген фотографтарды өзіне баурай түсті - деп жазады аталмыш порталдың тілшісі Ардақ Тұрсынтай.