Жаңалықтар

Климаттың кесірінен тұтас ел көшкелі жатыр

Тынық мұхиттағы Тувалу елі ғаламдық жылынудың салдарынан Жаңа Зеландияға көшкелі жатыр. Бұл туралы newsroom.kz порталы lenta.ru сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш елдің сыртқы істер министрі Саймон Кофе бұл мәселеге назар аударту үшін Глазгода өткен жаһандық саммитте ел астанасында тізесінен келетін суда тұрып тікелей эфирге шыққан. Ол видеосы қазіргі тілмен айтқанда хайп болып кеткен Саймон Кофе қазір елді сақтап қалудың бар мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан. Қазір 5 мыңға жуық ел тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп кеткен. Бұл – елдің жарты тұрғыны деген С.Кофе ел азаматтарын түгел сандық форматқа көшіріп, Тувалу елі тек цифрлы форматта қалуы мүмкін деген. 26 шаршы шақырымды алып жатқан Тувалу халқының саны – 11 мың адамды құрайды. Жалпы ішкі өнімі – 45 млн долларды құрайтын аралдық ел 1975 жылға дейін Эллис аралы деп аталып келген. Ел астанасы – Фунафути қаласы. Қазір климаттық жылынудың салдарынан жойылудың аз алдында тұрған біздің планетадағы алғашқы ел.