Қайрат Нұртас әйелінің Қарақалпақстаннан екенін мойындады

11 Қазан, 2019 759 0

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Megaline" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайраттың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Қарақалпақстан елінде дүниеге келген. 

Қайрат Нұртас Қарақалпақстан еліне концерт қойып, сол елдің телеарнасының біріне сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші жүргізушінің сұрағына жауап бере отыра, әйелінің осы елден екенін жасырмай айтты. 

"Менің әйелім осы Қарақалпақстан елінен, осында туған, бірақ Алматыда өскен. Ұлты - қазақ. Демек, мен Қарақалпақстанға күйеумін", - деді әнші күліп.

Қайрат бұл елге 10 жыл бұрын да іс-сапармен барған. Ол кезде Қайрат сахнаға енді шыққан әнші еді. 

"10 жыл бұрын әлі Қайрат болмай тұрғанымда, танылмай тұрғанымда Қарақалпақстанға келдім. Дегенмен мені құрметпен қарсы алып, қошемет көрсеткеніне риза болдым", - деді әнші. 

Тегтер: ЖұлдызӘбдікәрімова, әйел, ҚайратНұртас, әнші, ұлт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.