Жаңалықтар

“Қордайдан Алматыға жаяу қаштым”: әйелі ұратын еркек (видео)

“Қордайдан Алматыға жаяу қаштым”: әйелі ұратын еркек (видео)

Тепсе темір үзетін төрт баласы бар ер азамат басынан өткен жайтты жайып салды.Өз үйін тастап, қайын жұртында таяқ жеп келген. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
– Тепсем темір үзетін азаматпын. Тек әйелімнің алдында әлсізбін. Себебі сүйген жарым жақындарымен жабылып кетеді. Қыстың қара суығында қайын жұртым жабылып, далаға жалаң аяқ қаңғыртып жіберді. Аш-жалаңаш Қордайдан Алматыға әзер жеттім, дейді әйелінен қорлық көрген азамат.
– Алматыда өз үйім бар. Әйелім төркініне кетіп қала береді. Төрт балам үшін келмей қойған соң, қайын жұртыммен тұруға амал жоқтан көндім дейді жігіт ағасы. Айтуынша келіншегі сегіз айда екі жігітпен бірге тұрып үлгерген көрінеді. “Мұхитпен бір ай тұрды. Ал, Сайлаухан деген еркектен бір қызды туған деген күмәнім бар, дейді ол. Сол себепті бір қызының өзінен екеніне күмәні бар екен. – Қайын жұрты оқу, жазу білмейсің, жетімсің деп қорлап келді. Мен інімді күйеуге берген жоқпын, ініме қатын әперемін дейді жігіттің әпкесі.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=DEm_6Ur07vo[/embed]
– Екі қыз, екі ұлым бар. Қызымның біреуі Сайлаухан деген еркектен шығар деген күмән бар. Себебі, оны голосовойдан келген хабарлама арқылы байқап естіп қалдым. Әйелім черный магиямен айналысатын әйелге барып жүр. Қой десем мені мүлдем тыңдамайды. Бірақ, сол қызым басқа еркектен болса да бәрібір маған. Өзім күшкентайынан бақтым, өсірдім. Менің қызым болып қала береді, деген қыздың әкесі ДНК сараптамасын жасатуға келісті.