Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30: елордада қалалық ҚХА халықаралық конференция өткізді (видео)

Тәуелсіздіктің 30: елордада қалалық ҚХА халықаралық конференция өткізді (видео)

Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы "Тәуелсіздіктің 30 жылы: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт" атты халықаралық конференция өткізді. Оған қатысушылар осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен мақсаттарды талқылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Халықаралық конференцияның офлайн және онлайн режиміндегі жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, елшіліктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, елорданың этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты. Отырысты ашқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысушыларды құттықтап, еліміздің бейбітсүйгіш саясатын қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атап өтті.
"Биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Біздің мемлекетке өзінің сыртқы, сондай-ақ ішкі саясатын, экономикасын қалыптастыру бойынша жауапты жұмыс күтіп тұрды. Мұның бәріне 30 жылда қол жеткізілді және әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалды. Қазақстан Тәуелсіздігінің тіректерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы институты болды. Жақында Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Бірлік пен келісім – біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас негізі", - деп ерекше атап өтті. 30 жылдан кейін біз этносаралық келісімді сақтау және нығайту, халық бірлігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген сарабдал саясаттың нақты жемісін көріп отырмыз", - деп атап өтті Асхат Оралов.
Өз кезегінде төрағаның бірінші орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов конференцияның ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтіп, мемлекеттік егемендіктің 30 жылдығында бұл даталар ерекше әрі терең тарихи мәнге ие болатынын атап өтті. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=tBRlOEjBM1s[/embed]
"Конференция көп жағдайда Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде атқарылған жұмыс тәжірибесін қорытындылауға және саясаттың, оның ішінде астананың басым міндеттерін белгілеуге бағытталған біздің мемлекеттік бірлік, бейбітшілік және келісім саясатымызды ұғынудың кезеңдік сәті болып табылады. Этносаралық қатынастар қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың аса маңызды факторы ретінде өзін көбірек көрсетуде және керісінше, нақты саясат этносаралық қатынастар тек этномәдени және тілдік аспектілер ғана емес, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық құбылыс екенін айқын көрсетті. Дәл осындай модель Тәуелсіздіктің 30 жылында қалыптасты, халықаралық танымалдыққа ие болды және Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі деп аталады. Осы үлгінің ортасында өзінің бастапқы тарихи міндетін орындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан халқының айналасындағы барлық этностарды біріктірді. Тәуелсіздіктің 30 жылын біз бірлік пен келісім саласында салмақты нәтижелермен қарсы алып отырмыз. Біздің елімізде ұлтаралық алауыздық жоқ, барлық этностар мен азаматтардың құқықтары мен жауапкершіліктері тең. Әрбір этнос Қазақстан халқының ажырамас бөлігі. Тәуелсіздік жылдарында бірде-бір этнос оқшаулау стратегиясын таңдаған жоқ, біздің моделіміздің басты ерекшелігі диалог пен сенімнің пәрменді тетіктерін құру болды", - деп атап өтті Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысындағы үлкен өзгерістер жылы болды.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның құрметті төрағасы болып, оны басқару құқығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берді. Қазақстандағы этносаралық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл туралы Елбасы мен Мемлекет басшысы осы жылдың сәуір айында өткен ҚХА сессиясында нақты айтқан болатын. Жастарымыздың интеграциялық әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған жаңа саясатқа сұраныс берілді. Қазақстан халқының этникалық және мәдени алуан түрлілігін бәсекелік артықшылыққа және тәуелсіздікті нығайту құралына айналдыру қажеттілігі белгіленді", - деді М.Әзілханов.
 width= Конференцияға қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын, қазақстандық қоғам дамуының перспективалары мен бағыттарын, Қазақстан халқын біріктіретін және оның бірлігін нығайтатын ортақ ұйыстырушы құндылықтар мен идеяларды талқылады. Қатысушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, оның ішінде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін қалаушы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Конференция жұмысы қайырымдылық шарасымен жалғасты: елордалық этномәдени бірлестіктердің атынан Нұр-Сұлтан қаласының 55 мұқтаж отбасына азық-түлік жиынтықтары табыс етілді.