Қаралы күні банкет жасаған қала әкімі бір күннен соң қызметінен қуылды
Қаралы күні банкет жасаған қала әкімі бір күннен соң қызметінен қуылды
Прокопьевск қаласының әкімі Вячеслав Старченко қызметіне тағайындалған күні кешқұрым банкет бергені үшін қызметінен қуылды.
Бұл туралы lenta.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Кемеров облысы кезінде қаралы күн жариялануына байланысты аталған банкет Mash телеграм арнасына жарияланып кеткен. Нәтижесінде Кемеров облысының губернаторы Сергей Цивилев осындай шешім қабылдаған.
25 қараша күні әкім болған Старченко 26 қараша күні қызметінен кетті. Оған себеп Кузбасстағы көмір шахтасында орын алған апат болып отыр. Кен орнындағы төтенше жағдай салдарынан 52 адам қайтыс болып, қаралы күн жарияланған. Ал, су жаңа қала мэрі болса, 15 адам шақырып тамақ бергені үшін қызметімен қоштасқан.