Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады

10 Қазан, 2019 111 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады деп күтілуде, деп хабарлайды Хабар 24.

Президент халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің 80-жылдығына орай бой көтерген мұражай мен ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланып отыр.

Шараға зиялы қауым, танымал тұлғаның дос-жарандары, әріптестері, қаламгерлер шақырылды. Жазушының құнды мұрасын дәріптейтін мұражай ел игілігіне айналса, еңселі ескерткіш те көпшілік назарынан орын алатыны анық.


Тегтер: ӘбішКекілбаев, 80жылдық, Тоқаев, Маңғыстау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.